11 желтоқсан күні Қазақстанда ПТР тестімен расталған коронавируспен 789 науқас, 8 өлім тіркелді. Осыған дейін аймақтар бойынша алдыңғы орында болған аймақтардың бәрінде тіркелген науқас саны 100-ден төмен шықты. Жекелеген аймақтар бұл межеден 28 қазаннан бері асып келген.
Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 99
- Алматы қаласы - 82
- Шымкент қаласы - 14
- Ақмола облысы - 69
- Ақтөбе облысы - 7
- Алматы облысы - 55
- Атырау облысы - 26
- Шығыс Қазақстан облысы - 98
- Жамбыл облысы - 26
- Батыс Қазақстан облысы - 38
- Қарағанды облысы - 30
- Қостанай облысы - 74
- Қызылорда облысы - 3
- Маңғыстау облысы - 9
- Павлодар облысы - 83
- Солтүстік Қазақстан облысы – 71
Вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны осымен 140 784-ке жетіп отыр. Оның 124 729-ы жазылып шыққан, 2129-ы қайтыс болған.
Қазақстан Covid жөніндегі ұлттық статистикасына есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясы деректерін де біріктірмей отыр. Тамыздың басынан бері пневмонияның бұл түрімен 43 773 науқас тіркелген. Оның ішінде 31 364 науқас жазылып шыққан, 463 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 13 926 адам емделіп жатыр.
Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 3 999 науқас жатыр. 9 927 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 225 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 36 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.