29 нау, 2018 сағат 15:12

Кемеровoдағы өрт кезінде кинозалдың есігін кім кілттегені белгілі болды

Кемеровoдағы сауда үйінің өртінде отбасынан айрылған ер адам сауда орталығының бейнебақылау камерасына түскен бейнежазбаны көріп, пікірімен бөлісті.

Өртте Игорь Востриковтың әйелі, әпкесі мен 3 баласы қаза болды. Оның айтуынша, кинотеатрдағы бір залдың есігі жабық тұрған. Ол шағымын желідегі парақшасында жазды.

Востриков СО-ның бейнебақылауындағы жазбаға қол жеткізген. Өрт болған кезде бір залда ғана мультфильм көрсетіліп жатқан. Қалғандары бос болған.

«Белгісіз ер адам есікті құлыптап, саңылау жасап, құтқарушыларды күтеді, бірақ олар ол жерге келмеген», – дейді ол.

Оның айтуынша, есікті құлыптаған ер адам адамдарды құтқара алатын еді.

Сонымен қоса Востриковті мынадай сұрақ мазалаған, неге ғимараттағы өрт сөндіру құрылғылары қолданылмаған.

Востриков өрт сөндірушілердің оқиға орнына уақытында келгеніне күмән келтірді.

Айта кетейік, «Зимняя вишня» СО-дағы өрттен 64 қаза тапқан, оның 41-і бала.

Stan.kz