Мемлекет басшысы келесі жылдың биылғыдан да күрделі әрі қиын болатынын ескертті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент халықтың Үкімет пен әкімдердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
"Өкінішке орай, жағдай ушығып, халықтың өмір сүру сапасы төмендеп барады.
Азаматтардың, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы үшін аса маңызды инфрақұрылымның әбден тозығы жеткен. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Өйткені мұндай жағдай барлығына қауіп төндіреді. Оның үстіне келесі жыл қазіргіден де күрделі әрі қиын болуы мүмкін", - деді Тоқаев.
Айта кетері, Ұлттық банктің болжамы бойынша келесі жылдың басында инфляция шарықтау шегіне жетеді.