28 қар, 2022 сағат 13:26

Келер жылы 37 мыңнан аса бозбала әскерге шақырылуы мүмкін


Келер жылы көктем және күз мезгілдерінде 37 056 ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі саны 37 056 ер азаматты 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етcін. ҚР заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттері медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын», - деп көрсетілген құжатта.

Қаулыда жазылғандай, Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында тәртіп сақшыларының күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады. Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау және олардың өзге де шығыстары республикалық бюджет есебінен өтеледі.

Қаулыны ашық талқылау 7 желтоқсанға дейін жалғасады.