Фото: ҚР ҒЖБМ
Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин Омбы қаласында ашылған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына арнайы барды. ҚазҰУ — Ресейде ресми түрде филиал ашқан алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны, деп хабарлайды Ult.kz.
Қонақтар қатарында Ресей ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко, Қазақстан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев болды.
Делегация оқу ғимаратын, ғылыми кітапхананы аралап, қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты. Кітапханада ҚазҰУ-дың ғылыми басылымдары ұсынылды.
Қазіргі уақытта филиал бакалавриаттың үш бағыты бойынша студенттер қабылдауда:
– қазақ тілі мен әдебиеті,
– кеден ісі,
– халықаралық құқық.
Жоспар бойынша 200–250 студент қабылданады.
