17 қаң, 2022 сағат 20:50

"ҚазТрансОйл" басшысы міндетін атқарушы тағайындалды


Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының, басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланды.

"Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ биржаға мынаны хабарлайды: "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының міндеттерін уақытша атқару "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі Сәбит Әбілдайұлы Арыновқа жүктелді", - делінген хабарламада.