08 қаң, 2019 сағат 14:14

«Қазтелерадио» 11 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Қазтелерадио» АҚ-ға қатысты жүргізілген тексеруді аяқтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тексеру, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2-тармақшасында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану заңнамасының бұзылуына байланысты жүргізілді.

«Акционерлік қоғамның әрекеттерінде телекоммуникациялық жабдықтарды сақтау жөніндегі қызметтерге нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды немесе әртүрлi шарттарды қолдану бойынша ел заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2018 жылғы 20 қарашадағы қаулымен аталмыш компанияны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 11 618 205,36 теңге мөлшерінде айыппұл салды» делінген хабарламада.

Бұдан басқа, акционерлік қоғамға Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзу фактілерін тоқтату және оның салдарын жою жөнінде нұсқама берілді.