Фото: ашық дереккөз
Қазпошта «Үздік жеткізуші», «Бизнесті әртараптандыру» және «Экологиялық тұрақтылық» номинациялары бойынша халықаралық сыйлықтың үздік бестігіне кірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Марапаттар Амстердамдағы Amazon, DHL, Nova Post және т. б. секілді сала жетекшілері өз жетістіктерін ұсынатын пошта және сәлемдеме технологиялары саласындағы ең ірі іс-шара — «Parcel+Post Expo» көрмесінің аясында табысталды. ⠀
Қазпошта өзінің үш негізгі бағыттағы инновациялық қызметімен көптің назарына бөленді.
«Бизнесті әртараптандыру» номинациясында компания кірістерді ұлғайту және корпоративтік банкингті дамытуды қоса алғанда, нарықтағы өзгерістерге бейімделу жөніндегі бастамалары үшін атап өтілді.
«Экологиялық тұрақтылық» санатында Қазпошта ауылдық пошта бөлімшелерінде эко-хабтар құруға, қызметкерлер мен клиенттерге қалдықтарды бөлек сұрыптау бойынша оқыту өткізуге сеп болған «Жасыл даму» жобасын ұсынды. ⠀
Қазпоштаның «Parcel+Post Expo» көрмесіне қатысуы оның әлемдік нарықтағы орнын нығайтады және Қазақстанның инклюзивті және тұрақты пошта болашағын құрудағы бәсекеге қабілеттілігін растайды.