Қазақстандықтар қара пакеттерге оралған адамдардың денесі салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылап жатыр. Желі қолданушылары "адамдарды қорқыту үшін жаңалықтарды осылай түсіреді" дейді. Stopfake.kz бұл пікірлерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Видеода "мәйіттердің" бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үсіндегі қара пакеттерді түзеп жатыр. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.
"Бұл пікір - фейк. Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok парақшасынан алынған. Ролик биыл 30 наурызда жарияланған және онда "Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі" деп жазылған.
Рэп орындаушы Хаскидің "Никогда-нибудь" әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік. Демек, видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, бұл көркем музыкалық бейне", - деді Stopfake.kz өкілдері.