18 ақп, 2019 сағат 15:58

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» бас директорына 128 млн теңге айыппұл салынды

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмурзинге сот үкімі шықты. Оған 129 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының үкімімен Қуандық Құлмурзин ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп танылған. Соған орай, оған жаза ретінде 128 980 760 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында 50 пайыздан астам мемлекет үлесі бар ұйымдарда, оның ішінде басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, акционері мемлекет болып есептелінетін ұлттық даму итституттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызмет атқара алмайды.

«Сотталушы үкім заңды күшіне енген күннен бастап бір айдың ішінде айыппұлды төлеуге міндетті. Үкім зңды күшіне енген жоқ», - деп атап өтеді Астана қалалық соты.