15 мау, 2017 сағат 11:00

Қазғарыш зымыранның бөлшектері құлауынан шыққан өртке қатысты түсінік берді

Кеше штаттық тәртіппен  Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз 2.1а» зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері құлауы салдарынан өңірде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Байқоңыр ғарыш айлағы жұмысына жетекшілік ететін ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Данбаевтың мәлімдеуінше, зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері (ББ) белгіленген жерге құлаған. 

«Зымыран тасығышының бөлінген бөлшектері жұмыстарына жауапкершілікті ресейлік «Машина жасау ҒӨБ» кәсіпорыны өз мойнына алады, пайдалану орталықтары Жезқазғанға орналастырылады», - дейді Данбаев.

Оның айтуынша, Зымыранның бөлінген бөлшектері алдын ала белгіленген жерге құлады. «Союздың» жанама бөлшегі жерге қызып тұрған күйде түскен, қатты жел тұруы жазықта өрт тұтануына себеп болды.