Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл бұрын жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша берілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау аясында жүргізілді.
Министрлік мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша ұйғарымды орындамау фактісі, атап айтқанда ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу ережелерінің талаптарын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Аталған әкімшілік іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылды.
Еске салсақ, өткен жылдың соңында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.