Сенбі, 2 қазанда Алматыда 84 жасында Қазақ КСР байланыс министрінің бұрынғы бірінші орынбасары (1964-1995 жылдар), "Қазақтелеком" АҚ бірінші вице-президенті (1995 жылдан 1997 жылға дейін), Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, белгілі қоғам қайраткері Қазыкен Базылов қайтыс болды Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне байланыс ардагерінің туыстары естіртті.
Қазыкен Базылов Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Жамбыл атындағы Қарсақпай қазақ орта мектебін тәмамдаған. 1954 жылы Новосібір электротехникалық байланыс институтының инженерлік-экономикалық факультетіне түсіп, осы факультеттің алғашқы жиынтығының студенті болған. Институтты бітіргеннен кейін Қазақстанға оралған.