04 шіл, 2018 сағат 15:22

Қазақстанның жаңа бас әскери прокуроры тағайындалды

Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров ұжымға ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадиновты, сондай-ақ Бас әскери прокурор Дастан Шаймерденұлы Сартаевты таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 3 шілдедегі өкімімен әділет генерал-лейтенанты Е.Мерзадинов Академия ректоры қызметіне тағайындалды.

Е.Мерзадинов 1958 жылы туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Алматы қаласының прокуратура органдарынан бастады. Басшылық лауазымда, соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы және Алматы, Астана қалаларының прокуроры болған.

2002 жылы Ішкі істер министрінің орынбасары, 2005 жылы - ҚР Бас прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2009 жылдың мамыр айынан бастап Бас әскери прокурор лауазымында жұмыс істеді.

Заң ғылымдарының кандидаты. І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 35 жылдан асады, оның 33 жылы прокуратура органдарында.

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен 3 сыныпты әділет кеңесшісі Дастан Сартаев Бас әскери прокурор лауазымына тағайындалды.

Дастан Шаймерденұлы 1959 жылы туған. С.Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы прокуратурасы органдарынан бастады. Аудан және қала прокуратураларына басшылық етті. Ақтөбе, Атырау және Павлодар облыстарының прокуратураларын басқарды.

2014 жылдан бастап Маңғыстау облысы прокуроры лауазымында болды.

Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Прокуратура органдарындағы 36 жыл еңбек еткен құрайды.