10 мам, 2021 сағат 11:45

Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті


Бүгіннен бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта алты өңір тұр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өңірлер бойынша, 10 мамырда "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен, Ақмола, БҚО, Қарағанды және Павлодар облыстары. 

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. 

"Сары" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары.