ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы 26 наурызда туған, С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2018 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутаты болды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.