Фото: Алматы әкімдігі
Өткен жексенбіде Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өткізілген референдумның қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды құрады, бұл референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың 63,66 %-ын құрайды.
Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылдаған азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адам немесе 71,12 %-ды құрады.
Осылайша, референдум өтті деп танылып, референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.