04 шіл, 2018 сағат 11:13

Қазақстанның көптеген бастамаларын өзімізде іске асырудамыз - Татарстан Президенті

Татарстан  "Астана" халықаралық қаржы орталығымен жан-жақты ынтымақтастыққа дайын. Бұл туралы бүгін Astana Finance Days сессиясында Татарстан Президенті Рустам Минниханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Дәл осы жерде біз тіпті ойлап та көрмеген революциялық шешімдер қабылданып жатыр. Бұл барынша байыпты қадам екендігіне күмән да келтіре алмаймын. Себебі, Қазақстан көптеген бағытта көшбасшыға айналды және біз өз республикамызда оның көпшілігін қабылдап, жүзеге асыру үстіндеміз", - деді Татарстан Президенті.

Сонымен қатар ол Татарстанның "Астана" халықаралық қаржы орталығымен жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екендігін баса айтты.

"Сондықтан Татарстан сіздердің белсенді серіктестеріңіз болады және табысты жұмыстар тілеймін. Қабылданған шешімдердің барлығы да революциялық. Сіздерге сәттілік тілеймін!", - деді Рустам Минниханов.