21 мам, 2022 сағат 11:10

"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруға тапсырма бердім - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! 

Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім»,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.