22 сәу, 2021 сағат 07:00

COVID-19: Бір өңір "жасылдан" "сары" аймаққа өтті

Қостанай облысы "жасыл" аймақтан "сарыға" ауысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Матрицаға сәйкес, "қызыл" аймақ өзгеріссіз тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.

"Жасыл" аймақта тек екі өңір – Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.  

Қазақстанда өткен тәулікте 2 893 адамның коронавируспен ауырғаны расталды.