Қазақстанның 4 өңірінде тағы 15 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
1 сәуір, сағат 11:15-тегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан тағы 6 адам, Алматы қаласынан - 2 адам, Қарағанды облысынан 1 адам, Ақмола облысынан 6 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, еліміз бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны саны 363 адамды құрады.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы – 184 Алматы қаласы – 84 Шымкент қаласы – 3 Ақмола облысы – 16 Ақтөбе облысы – 3 Алматы облысы – 8 Атырау облысы – 16 Шығыс Қазақстан облысы – 2 Жамбыл облысы – 3 Батыс Қазақстан облысы – 2 Қарағанды облысы – 14 Қызылорда облысы – 18 Маңғыстау облысы – 1 Павлодар облысы – 1 Солтүстік Қазақстан облысы – 3 Түркістан облысы – 5