05 мам, 2021 сағат 09:12

Қазақстанның 4 өңір ғана «жасыл» аймақта


ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2021 жылдың 5 мамарындағы жағдай бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылордажәне Павлодар облыстары тұр. 

«Сары аймақта» Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Жасыл аймақта» әзірге Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары ғана тұр.