Қазақстанға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге ресми сапармен келген Эмомали Рахмон «Назарбаев орталығы» көпфункционалды кешенінің бір бөлігі болып саналатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасын аралап көрді.
Мемлекеттер басшыларына Қазақстан Президенті музейі мен экспозициялық-көрме орталығының экспонаттары көрсетілді.
Соңында екі ел басшылары орталықтың интерактивті білім беру технологиясының заманауи мүмкіндіктерімен танысты.