Қазақстанға Беларусьтан Ресей азаматының төлқұжатымен кірмек болған қырғызстандық ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы шекаралық бақылау отрядының шекара наряды «Минск – Алматы» бағытымен ұшып келген № В2-767 ОПК әуе рейсін ресімдеу барысында 1990 жылғы Ресей азаматының төлқұжатын ұсынған азамат ұсталды. Кейін анықталғандай, ұсталған азамат 1993 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматы болып шыққан. Ол көп өтпей «Алматы-Бішкек» бағытындағы КС-109 әуе рейсімен депортацияланды.
«Дәл осыған ұқсас оқиға Қорғаста да тіркелді. Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына кіру үшін тексеруге 1990 жылғы Қазақстан азаматының төлқұжатын ұсынған азаматтың шындығында 1988 жылы туған Ресей азаматы екені анықталды. Ол Панфилов аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды», - делінген хабарламада.