27 қыр, 2021 сағат 16:55

Қазақстанға Pfizer вакцинасы қашан жеткізілмек?


Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетелдік вакциналарды сатып алуға қатысты түсінік берді , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцинаға қолжетімдік қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдың төртінші тоқсанында Pfizer-ді жеткізу ескерілген. Мұнымен қоса, өзінің тиімділігі бойынша шетелдік екпелерден кем емес отандық вакцинаға қолдау жасайтын боламыз», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.