ПТР анықтамасынсыз Дубайдан келген екі, Шарм-ел-Шейхтан келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
«29 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
1 453 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 ҚР азаматы келді», делінген хабарламада.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 624; анықтамасыз - 64;
Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен - 568, анықтамасыз - 172;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырады және карантин стационарында сынама нәтижесін күтеді.
«28 қаңтарда анықтамасыз келген 433 ҚР азаматының ПТР талдау нәтижесі бойынша 3 жолаушыдан коронавирус инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген», делінген хабарламада.