Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандық полицилер қазақстандықтарды электрошокермен ұрған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды реттеу үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Әлеуметтік желіде Өзбекстанның құқық қорғау органдары біздің азаматтарға электрошокер қолданып жатқаны туралы видео тарағанын көрдік. Өзбекстан тұрғындары бұл жағдайды қызу талқылап жатыр", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Ведомство жағдай бақылауда екенін айтты.
"Қызметтік тексеру басталды. Оқиғаға қатысы бар қызметкерлер жұмыстан шеттетілді. Біз тек азаматтарымызды қорғаудың бір бөлігін ғана қадағалап отырмыз", - деп толықтырды министрліктің баспасөз қызметі.