28 қаң, 2021 сағат 19:01

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын ЭКО жасату үшін қолдана алады

Қазақстанға экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасы үшін зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат беріледі. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Енді зейнетақы жинағын алуға қатысты ережеде сегізінші мақсат қосылды, ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Мұның ішіне экстракорпоральді ұрықтандыру процедурасы да кіреді», - дейді Ләззат Ибрагимова әлеуметтік желі арқылы өткен тікелей эфир барысында. 

Оның айтуынша, зейнетақы жинағын қолдану ережелерін Денсаулық сақтау министрлігі келесі аптада жариялайды. 

«Келесі аптада бұл ережелер заңды күшіне енеді деп күтіп отырмыз. Сәбилі болуға қатысты мәселелері бар отбасылар зейнетақы жинағы есебінен ЭКО жасау мүмкіндігіне ие болады», - дейді ол.