01 нау, 2023 сағат 17:16

Қазақстандықтар арасында танымал әскер түрлері аталды

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметшілер арасында ең танымал әскер түрлерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Ең алдымен, десанттық-шабуылдаушы әскерлер, мемлекеттік күзет қызметі танымал. Кейбірі шекара қызметі бөлімшелерінің әскери бөлімдері орналасқан өңірлерде қызмет өткергісі келеді. Мысалы, шығыс және оңтүстік облыстар. Негізінде, барлық жастар, барлығы десантшы, теңіз жаяу әскері болғысы келеді", - деді Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы, полковник Бауыржан Артықов.

Қазақстандықтардың белгілі бір әскерлерде қызмет етуге мұндай ұмтылысының себебін сұраған кезде полковник сарбаздарды даярлау жүйесіне тоқталды.

"Десанттық әскерлер - оларды элиталық әскерлер дейді. Құрлық әскерлерімен салыстырғанда сарбаздар мен офицерлерді оқыту жүйесі мүлдем басқа. Сондықтан көп адам әуе-десанттық әскерлерге түсуді қалайды", - деп түсіндірді Бауыржан Артықов.

Фото: пресс-служба Десантно-штурмовых войск