28 там, 2017 сағат 10:18

Қазақстандықтар алкоголь көп ішетін болған - зерттеу

Қазақстандықтар алкоголь өнімдерін көбірек қолданатын болған, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz агенттігіне сілтеме жасап. 

Сарапшылардың мәліметінше, ішкі нарықта бірінші жартыжылдықта алкоголь ішімдіктердің сатылымы өскен. "Коньяк бағасы бір жыл ішінде 56,1 пайызға, шарап 17,9 пайызға, сыра 13,1 пайызға өсті. Ал алкогольсіз ішімдіктердің бағасы 6,6 пайызға ғана өсті", - деді сарапшылар.

Сондай-ақ, спирттік ішімдіктердің ішінде коньяк өндірісінің бір жылда бірден 67,5 пайызға - 5,48 миллион литрға дейін өскені айтылады. Ликер өндірісі де бір жылда 46,6 пайызға - бір жылда 1,54 миллион литрға жеткен. Ал арақ өнімдері, керісінше, 8,1 пайызға азайған.

Сарапшылардың айтуынша, орта деңгейдегі алкоголь өнімдерінде де өсім байқалады. Шарап өндірісі бір жылға 14,1 пайызға - 18,11 миллион литрға, сыра 12,3 пайызға - 335,55 миллион долларға жеткен.

Сонымен қатар, агенттік өкілдері Қазақстанда алкоголь өнімдерінің қымбаттағанын айтып өтті. Олардың айтуынша, арақтың бағасы Астанада литр үшін 3050 теңгеге жеткен.