2020 жылы Әділет министрлігіне жеке және заңды тұлғалардан 13 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
2020 жылы (2019 жылы – 12 257) Әділет министрлігіне жеке және заңды тұлғалардан 13 мыңнан астам өтініш келіп түсті (13260).
Бұның басым бөлігі атқарушылық іс жүргізу (6865) және заң қызметіне (2877) тиесілі.
Министрлік мәліметінше, Бас прокуратурамен бірлесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясы негізінде «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығы» ұйымымен «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің пилоттық сынағы жүргізілуде.