Велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко «Джиро д'Италия» виртуалды жарысы бірінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Виртуалды жарыс биылғы велокөпкүндіктің 10-шы кезеңінің финалын қамтыды. Жарысқа қатысушылар 32.1 шақырымды велосипедпен еңсерді. Луценко бәрінен басым түсті. Ол мәре сызығын 44 минут 41 секундта кесіп өтті.
Екінші орынды Италия құрамасының өкілі Элиа Вивиани алды. Алғашқы үштікті «Pro Team Astana» командасының тағы бір өкілі Давиде Мартинелли тұйықтады.
Еске салайық, 18 сәуірден 10 мамырға дейін өтетін сайыс аясында веложарыстың жеті кезеңі болады.