02 жел, 2019 сағат 05:04

Қазақстандық каратэшілер Мадридте 3 алтын еншіледі

Мадридте (Испания) каратэден «Премьер Лига-Мадрид Опен 2019» бәсекесі мәреге жетті. Халықаралық турнир қорытындысында Қазақстан 3 алтын олжалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

75 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Ермек Айназаров финалда франциялық Логан да Кастоймен күш сынасты. Екеуі де бірі-біріне оңайлықпен беріспеді. Есеп 1:1. Тек төрешілердің шешімімен алтын медаль қазақстандыққа бұйырды.

Ал басты айқас - 60 келіге дейінгі салмақ санатындағы Дархан Асаділов өзге қазақстандық Қайсар Алпысбаевпен кездесуі тиіс еді. Қайсар жекпе-жекке шығудан бас тартып, Дарханеш күрессіз чемпион атанды.

Қыздар арасында 61 салмақ санатындағы Софья Берульцева финалдық айқаста грекиялық Елена Чатзилидоуды сүріндіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Атан өткен жөн, Мадридтегі турнирде Қазақстан ұлттық командасы жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.