12-14 желтоқсан күндері Қытайдың Циндаода қаласында дзюдодан әлемдік «Masters» турнирі өтеді, – деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясының баспсөз қызметі.
Қазақ елінің татами шеберлері де қатысатын додаға әлемнің 67 елінен 448 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлем рейтингінде 1800 ұпай, күміс жүлдегерге – 1260 ұпай, ал қола жүлдегерге – 900 ұпайдан қосылады.
Аталған жарыста ел намысын 9 дзюдошы қорғамақ. Олар:
Ерлер: Елдос Сметов (60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
Елдос Жұмақанов (66 кг)
Ерлан Серікжанов (66 кг)
Жансай Смағұлов (73 кг)
Дидар Хамза (81 кг)
Ислам Бозбаев (90 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
Севара Нишанбаева (57 кг)