11 там, 2021 сағат 21:00

Қазақстандық дипломаттар Мәскеуде Абай күнін атап өтті


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай, Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Мәскеудегі Чистые Пруды бульварында орналасқан ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Көрнекті тұлғаға құрмет көрсете отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллер және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде «сөйлегенін» атап өтті.

«Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, оның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады», - делінген хабарламада.