17 нау, 2020 сағат 12:24

Қазақстандық әйел Мажарстанда коронавирус жұқтырды

Мажарстанның Будапешт қаласында Қазақстанның бір азаматы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды» делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде. 

Аталған жағдай қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында.