15 нау, 2020 сағат 08:46

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 наурыздағы жағдай: 2 мыңға жуық адам карантинде жатыр

Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 8 науқас тіркелген: Алматы қаласында – 6, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Барлық санаттар бойынша мониторингіге 2 507 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 619, 1 «б» санаты бойынша – 520, 2 санаты бойынша – 368 адам. Мониторингіге алынған 2 507 адамның 424-і бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 083 адамға мониторинг жүргізуде.

Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 35 адам; 2 санат бойынша – 42 адам; 3 санат бойынша - 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Әлемде 152 елде 156 494 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде:

ҚХР-да 80 884 (тәулігіне - 20 жағ.) жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%), оның ішінде - 3 199 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 66 911 адам жазылған (82,7%). Стационарларда 10 734 науқас қалады;

Әлемнің басқа елдерінде – 75 650 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,2% құрады), оның ішінде – 2 623 өлім, өлім көрсеткіші-3,4 %.

1 «а» санаты бойынша:

Италияда - 21 157 оқиға (тәулігіне - 3497 жағ. өсім – 19,8%), қайтыс болғандар – 1 441 (тәулігіне – 175, өсімі – 13,8%);

Иран – 12 279 оқиға (тәулік ішінде - 1 365 жағ. өсім-12,0%), қайтыс болғандар - 611 (тәулігіне - 97, өсім - 18,8%);

Оңтүстік Кореяда – 8 086 оқиға (тәулігіне - 107 жағ. өсімі – 1,3% - ға), қайтыс болғандар саны – 72 (тәулігіне – 1, өсімі – 1,4%).

1« б « санаты бойынша:

Францияда - 4 469 оқиға (тәулігіне – 808 жағ. өсім-20,0%), қайтыс болғандар-91 (тәулік ішінде - 12, өсім – 15,1%);

Испания - 6 391 оқиға (тәулік ішінде – 1 159 жағ.өсім - 22,1%), қайтыс болғандар – 195 (тәулік ішінде - 62, өсім - 46,6%);

Германия – 4 599 оқиға (тәулік ішінде – 924 жағ. өсім – 25,1%), қайтыс болғандар саны – 9 (тәулігіне – 1, өсім 12,5%).

2 санатты бойынша:

Швейцарияда - 1375 оқиға (тәулігіне – 236 жағ. өсім-20,7%), қайтыс болғандар - 13 (тәулік ішінде - 2, өсім – 18,1%);

Нидерландта - 959 оқиға (тәулік ішінде – 155 жағ.өсім - 19,2%), қайтыс болғандар – 12 (тәулік ішінде - 2, өсім - 20,0%);

Ұлыбританияда – 1140 оқиға (тәулік ішінде – 342 жағ. өсім – 42,8%), қайтыс болғандар саны – 21 (тәулігіне – 10, өсім 90,9%).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:

- қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;

- сырқат адамдарға жақындамау;

- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.