23 там, 2021 сағат 12:03

Қазақстандағы COVID дерегі: 6314 адам вирус жұқтырып, 137 адам қайтыс болды


Өткен тәулікте 6314 адамның коронавирус жұқтырғаны лабораторияда дәлелденген. Бұл ақпаратты Қазақстан денсаулық сақтау минстрлігі таратты.

Коронавирус жұқтырғандардың көптігі жағынан 1615 адаммен Алматы қаласы алда тұр. Сондай-ақ, Қарағанды облысы (913) мен Нұр-Сұлтан қаласы да (650) алғашқы орындарда.

Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстанда барлығы 743 220 адамның коронавирус жұқтырғаны дәлелденген.

21 тамыз, сенбіде Қазақстанда COVID-19-дан 113 адам, "ковид тәрізді" пневмониядан 24 адам қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен одан өлгендер ресми статистикадан әлдеқайда көп деп санайтындар бар.

Кейінгі аптада тәулігіне жеті мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі мұны тез жұғып, жылдам таралатын дельта-штамнан және халықтың қауіпсіздікті сақтамауы, маска тақпауынан көреді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір Қазақстанда 124 871 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 30 197 пациент стационарда, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 944 адамның жағдайы ауыр, 518 пациенттің жағдайы өте ауыр, 312 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мағлұматы бойынша, әлемде 211 миллион адам коронавируспен ауырып, 4,4 миллион адам қайтыс болған.


Сондай-ақ, 23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (118 989 КВИ+ және 5 2021 жылғы 23 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен - 6 369 263, II компонентпен 5 013 064 адам вакцина салдырған.