22 нау, 2020 сағат 13:06

Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары 20 сәуірге дейін ұзартылады

Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттары 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзартылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минситрлігінің Telegram-арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанда жүрген шетел азаматтарының назарына! Қазақстанда коронавирус COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту, сондай-ақ 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ онда осы санаттардағы шетел азаматтарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданбайтындығы айтылған.