06 мам, 2020 сағат 09:44

Қазақстанда жеті жаңа саяси партия тіркеуге тұра алмады

Қазақстанда жеті жаңа саяси партия тіркеуге тұра алмады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өкілетті орган ретінде Әділет министрлігі саяси партиялардың мемлекет тіркеуінің статистикасын жүргізеді. Осы орайда 2017-2018 жылдармен салыстырғанда, 2019 жылда саяси белсенділіктің жоғарылағаны байқалды. Бүгінде тіркелмеген 7 ұйым бар», - деді Наталья Пан. 

Осы орайда ол аталған саяси партиялар не себепті тіркелмегенін атап өтті. 

«Тіркеуден бас тартудың себебіне тоқталсақ, жетеудің бесеуі бастамашы топтардың тізімін ұсынбауына қатысты. Біреуінде ұйымдастыру комитеті қызметінің мерзімі өтіп кеткен, заңда алты айлық мерзім қарастырылған. Бұл тұрғыда Әділет министрлігі тіркеуден бас тартуға мәжбүр болады. Тағы бір бірлестік тексеруден өтіп жатыр, яғни оның мүшелері шетел азаматтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметші, судья болмауы керек. Осындай шектеулер бар. Осы ретте жалпы жеті бірлестік бар», - деді Наталья Пан.