23 ақп, 2023 сағат 13:36

Қазақстанда жеке әскери компаниялар пайда болуы мүмкін бе?

Фото:elements.envato.com

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Қазақстанда жеке әскери компаниялар пайда болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Оның айтуынша, Қазақстанда оны құрудың заңдық базасы жоқ.

"Мемлекет өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қарулы күштерді, басқа да әскерлерді, әскери құрамаларды ұстайды. Ал Конституцияда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа құрылымдар жоқ", - деді Камалетдинов Сенат отырысы кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Жеке әскери компания - бұл біреуді және бір нәрсені күзету, қорғауға (қорғаныс), көбінесе әскери қақтығыстарға қатысуға, сондай-ақ барлау ақпаратын жинауға, стратегиялық жоспарлауға, логистикаға және кеңес беруге байланысты мамандандырылған қызметтерді ұсынатын коммерциялық кәсіпорын.