19 мам, 2021 сағат 17:21

Қазақстанда жасы 65-тен асқан 250 мың адам вакцина алды - Шоранов


Қазақстанда жасы 65-тен асқан 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде елімізде диспансерлік науқастар тобына жататын адамдардың ішінде созылмалы аурулары бар науқастардың 4 пайызға жуығы ғана екпе алды. Қазір бұл бағытта өңірлермен жұмыс істеп жатырмыз. Аталған науқастарда медициналық қарсы көрсетілім болмаған жағдайда вакцинациялау керектігін түсіндірдік», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. 

Сонымен қатар ол елімізде жасы 65-тен асқан қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы туралы дерекпен бөлісті. 

«Қазіргі уақытта жасы 65-тен астан 250 мыңнан астам коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл жұмыс одан ары жалғасады», - деді Марат Шоранов.