01 қыр, 2020 сағат 10:21

Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын», - деді Президент.