24 мау, 2025 сағат 11:08

Қазақстанда «Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Фото: 24kz

Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» жаңа цифрлық сервисін іске қосты. Енді қазақстандықтар тәулік бойы eGov Mobile қосымшасы арқылы тәулік бойы құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Қосымшаның басты бетінде арнайы «Заң және тәртіп» белгішесі пайда болды.

ІІМ мәліметінше, өтініш беру формасы қарапайым әрі түсінікті. Қарапайым форма арқылы полицияға қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе жол апаты туралы сигнал жіберуге болады. Сервис банк қосымшаларында да қолжетімді.