21 сәу, 2020 сағат 20:15

Қазақстанда вирус жұқтырғандар екі мыңға жуықтады

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 21 сәуір 22.15-тегі мәліметіне сай, елде тағы 18 адамнан вирус табылды: Алматы қаласында - 6, Жамбыл облысында - 5, Атырау облысында - 2, Алматы облысында - 2. Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Ақмола облысында - 1, Павлодар облысында - 1.

Бүгін, 21 сәуірде 143 адамға вирус жұқты. 42 адам дерттен жазылды.

Елде вирус жұқтырғандар 1995 адамға жетті. 489 адам COVID-19 дертінен айықты. 19 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 500-ден астамы - дәрігер.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 393, Алматы қаласында – 678 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 70 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 55 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 34 адам, Маңғыстау облысында - 14 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 70 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында 27 науқас тіркеліп отыр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан вирус тарауының шырқау шегіне жеткенін айтты. Министр мамырдың соңына дейін елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжайды.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин.