Қазақстанда тағы 10 адам коронавирус инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
21 сәуір сағат 20:05-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан – 2, Алматы – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 2 адам.
Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 392 адам, Алматы қаласында – 672 адам, Қарағанды облысында - 101 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 65 адам, Шымкент қаласында - 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 53 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 33 адам, Маңғыстау облысында - 14 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 70 адам, Түркістан облысында - 66 адам, Қостанай облысында - 27 адам, жалпы 1977 науқас бар.