Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 1 сәуір 21.30-дағы дерегіне сай, елде тағы бес адам коронавирус жұқтырды: Қарағанды облысында - 1 адам, Алматы қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам.
Қазір елде барлығы 380 адамнан коронавирус табылды: Нұр-Сұлтанда ө 184 адам, Алматы қаласында – 86 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Қарағанды облысында - 15 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 16 адам, Алматы облысында - 9 адам, Түркістан облысында - 5 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, ШҚО - 2 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, СҚО - 5 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, БҚО - 2 адам.
Қазақстанда 26 адам дерттен айықты. Елде үш адам вирустан бақилық болды. 1 сәуірде Қарағандыда 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Науқастың диагнозында коронавирустан бөлек екі жақ пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмды. Дәрігерлер науқаста қант диабеті, қан қысымы, жүрек қантамыр аурулары болғанын айтты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел қайтыс болған.