Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 1 мамыр кешкі сағат 17.30-да коронавирус инфекциясы тағы 23 адамнан табылғанын хабарлады. Алматы қаласында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Шымкентте - 3, Ақтөбе облысында - 5, Атырау облысында - 6, Павлодар облысында - 3, Түркістан облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Барлығы 3574 адамға вирус жұққан. 899 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3574 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 1143
- Нұр-Сұлтан қаласы – 652
- Қызылорда облысы – 204
- Шымкент қаласы – 204
- Қарағанды облысы – 151
- Атырау облысы – 146
- Батыс Қазақстан облысы – 152
- Түркістан облысы – 128
- Павлодар облысы – 145
- Алматы облысы – 138
- Жамбыл облысы – 136
- Ақмола облысы – 99
- Ақтөбе облысы – 114
- Қостанай облысы – 50
- Маңғыстау облысы – 55
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 23