18 сәу, 2020 сағат 15:25

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 22 адамға көбейді

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 18 сәуір кешкі сағат 17:25-те тағы 22 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы қаласында - 1, Алматы облысында - 2, Шымкент қаласында - 1, Павлодар облысында - 1, Ақтөбе облысында 2 адамға вирус жұққан. 

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1615 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 505
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 365
  • Қызылорда облысы – 143
  • Қарағанды облысы – 89
  • Ақмола облысы – 81
  • Атырау облысы – 76
  • Түркістан облысы – 57
  • Жамбыл облысы – 58
  • Шымкент қаласы – 58
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 37
  • Батыс Қазақстан облысы – 39
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 18
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 9

Коронавирустан 366 адам айыққан. 17 адам қайтыс болған.