30 сәу, 2021 сағат 14:04

Қазақстанда вакцинациялауға 11 мың медицина қызметкері тартылды


Елімізде жаппай вакцинациялауға 11 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүкіл әлем тек вакцинация біздің бәрімізге карантинсіз қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1 184 124 адам бірінші компонентпен және 239 965 екінші компонентпен вакцинацияланды», - деді министр.

Осы орайда А. Цой халықты вакцинациямен барынша қамту үшін қабылданған шаралар туралы мәлім етті. 

«Жылжымалы әрі көшпелі егу пункттері іске қосылды. Жаппай вакцинациялауға 11 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды. Вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді министр.